Абылай Мырзахметовтің қандай қылмысқа қатысты ұсталғаны жарияланды
Антикоррупциялық қызмет «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовті қандай қылмысқа қатысты ұсталғанын жария етті, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.
Фото: almaty.atameken.kz
11:09 11.05.2023
«10 мамырда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметов ұсталды.
Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінді. Күдікті Астана қаласы ПД УҰИ-на қамалды», - делінген хабарламада.
Мәліметке сай, қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары кешені жүргізілуде. Оның басқа да қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексерілуде. Тергеу жалғасуда.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!