{metadescription}
15 мамырдан бастап Шымбұлақтың аспалы жолдары жөндеуге жабылады

15 мамырдан бастап Шымбұлақтың аспалы жолдары жөндеуге жабылады

14 мамырдан соң «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына тек эко-автобус немесе таксимен көтерілуге болады.

Бұл туралы тау-шаңғы курортының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Шымбұлақ» ТШК баспасөз қымзеті хабарлағандай, 15 мамырдан 31 мамырға дейін – «Медеу-Шымбұлақ» және «Комби-1» аспалы жолы, 15 мамырдан 9 шілдеге дейін – «Комби-2» аспалы жолы, 4-креслолы-аспалы жолы (4-КАЖ) штаттық режимде жұмыс істейтін болады. 14 мамырдан кейін Шымбұлаққа тек эко-автобустармен немесе таксилермен көтерілуге болады.

«Жазғы маусымға есігімізді ашпас бұрын - біздің аспалы жолдарымыз жыл сайынғы профилактикалық жөндеуден өтуі керек. Мұның бәрі сіз бен біздің қауіпсіздігіміз үшін қажет. Мамыр айы - жаяу серуендеуге және тауға шығуға тамаша уақыт. Біз сіздерді күтеміз, курортта кездескенше», - деп хабарлады «Шымбұлақ» ТШК баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде