{metadescription}
Ақмола облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды

Ақмола облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды

Ақмола облысының Аршалы ауданы аумағында жол апаты орын алып, 40 жастағы жүргізуші көз жұмды, тағы екі адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілд.

«Жол апаты 11 мамырда «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 1324 шақырымында болған. Алдын ала анықталғандай, «Тайота Камри» көлігі арақашықтықты сақтамай, алда жүріп бара жатқан «КамАЗ» жүк көлігіне соғылған. Салдарынан жеңіл көліктің 40 жастағы жүргізушісі сол жерде көз жұмды, тағы екі жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», - деді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі кезде адам өліміне әкеліп соққан жол апатына байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.