{metadescription}
Әділет министрлігі Абылай Мырзахметов ісіне қатысты пікір білдірді

Әділет министрлігі Абылай Мырзахметов ісіне қатысты пікір білдірді

ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовтің ұсталуына қатысты пікір білдірді.

«Құқықтық мемлекет тәртібі бойынша күдікті адам кінәсі сотта дәлелденбейінше, кінәсіз деп есептеледі. Сондықтан тиісті деректер аясында тергеу амалдары қамтылып, сот шешімі шығарылуы керек. Бұл тұрғыда қазір біздің ведомство жағынан қандай да бір мәлімдеме жасау орынсыз деп ойлаймын», - деді Ботагөз Жақселекова Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар тілшілер Абылай Мырзахметовке қатысты қандай үкім шығуы мүмкін екенін сұрады.

«Барлығы тергеу нәтижесіне, жасалған әрекеттерді саралауға байланысты болады. Заң бойынша жауапкершілік қарастырылған», - деді вице-министр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде