Елімізде екі жаңа мемлекеттік саяси лауазым енгізілмек
«Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Фото: ашық дереккөзден
16:13 11.05.2023
«Ашық» НҚА порталында жариялаған Президенттің Жарлық жобасына сай, енді мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер қатарына мынадай жаңа лауазымдар енгізіледі:
- Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының сектор меңгерушісі.
Айта кетейік, енгізілуі мүмкін лауазымдар В-3 санатына жатады.
«ҚР Президенті Жарлығының жобасы меритократия қағидатын табысты іске асыру, сондай-ақ ҚР Жоғары аудиторлық палатасы жұмыскерлерін ынталандыру мақсатында әзірленді. Жарлық жобасымен Жоғары аудиторлық палатаның сектор меңгерушілерінің, сондай-ақ Төрағаның көмекшісі және кеңесшісі лауазымдарын лауазымдар тізіліміне тиісті өзгеріс енгізу жолымен В-3 санатына жатқызуды ұсынылады. Жарлық жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды», - деп Жарлық жобасын түсіндірме берген Жоғары аудиторлық палата.
Құжат 24 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!