Алматы қаласында простата аденомасына ота жасаудың жаңа тәсілін енгізді
Орталық қалалық клиникалық ауруханасында мастер-класс аясында простата аденомасына ота жасаудың жаңа жолы - вапорезекция көрсетілді.
21:00 11.05.2023
"Енді қаламыздағы стационарда жоғары энергиялық лазер көмегімен морцеляцияға жүгінбестен әрі науқастың жасына қарамастан кез келген көлемдегі простатаны эндоскопиялық жолмен тез әрі қауіпсіз алып тастауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, мұндай хирургиялық араласыду науқастарға ота жасау барысында тері қабаттарының ең аз бөлігіне зақым келтіру арқылы жасауға болады, ал ол басқа мүшелерге еш зақым келтірмей ота жасауға мүмкіндік береді", - дейді ОҚКА директоры Н.А.Табынбаев.
Мастер-класс барысында простата аденомасына шағымданған 10 науқасқа ота жасалды.
ОҚКА Урология орталығының меңгерушісі Сәкен Бейменовтың айтуынша, 200Вт қуаттылығы бар аталған заманауи лазерлік технология отаны тез әрі ең бастысы қансыз жасауға мүмкіндік береді, отадан кейінгі қалпына келу уақыты да жылдам. Бұрындары хирургиялық жолмен жасалған отадан соң катетерді тек 5-күні алатын болса, мұндай отадан соң катетерді келесі күні алып тастауға болады.
"Бұл отаны қант диабеті, жүрек аурулары бар науқастарға да жасауға болады, ота жеңіл өтеді. Негізінде біздің урологиялық орталықта лазерлік технологиялар 1999 жылдан бері қолданылып келеді, сонда уақыт бір орында тұрмайды, барлығы тез өзгеріп, дамып келеді, жаңа, жоғары технологиялық әдістер пайда болып жатыр. Жаңа 200Вт күші бар лазерлік құрылғыны максималды 2-3 мл тереңдікке дейін енгізуге болады, нәтижесінде простата көлемін көріп, басқа органдарға тиіп кетпеуге мүмкіндік бар. Отаның ұзақтығы бездің көлеміне байланысты болады, орта есеппен 40-50 минутта жасалады. Аталған лазерді жалпы хирургияда, нейрохирургияда, гинекологиялық аурулар кезінде және басқа да салаларда қолдануға болады", - дейді урология бөлімінің меңгерушісі Сәкен Бименов
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!