Түркияның Кахраманмараш провинциясында тағы жер сілкінді
Түркияның Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар салдарымен күрес жөніндегі басқармасының мәліметінше, (AFAD) елдің оңтүстік-шығысында орналасқан Кахраманмараш провинциясында 4,0 магнитудасымен жер сілкінді.
08:09 12.05.2023
Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен сағат 17:57-де (Астана уақытымен 20:57) тіркелді. Ошағы Гёксун ауданында орналасты. Тербеліс ошағы 11,56 км тереңдікте орналасты.
Еске салайық, Түркияда жойқын екі зілзала биылғы 6 ақпан күні дәл осы Кахраманмараш провинциясында болды. Магнитудасы 7 балдан асты. Тербеліс елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда сезілді. Табиғи апаттан Түркияға келген шығын 105 млрд доллардан асты.
Түркияда әлсін-әлсін жерасты дүмпулері бүгінге дейін қайталанып отыр. Мәселен 6 ақпан – 31 наурыз аралығында 22,5 мың тербеліс тіркелді.
Соңғы ресми деректерге сәйкес, зілзала 50 096 адамның өмірін қиды. 107 204 адам зардап шекті.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!