{metadescription}
Үкіметте өңдеу өнеркәсібін дамытуға қатысты кең ауқымды мәселелер қаралды

Үкіметте өңдеу өнеркәсібін дамытуға қатысты кең ауқымды мәселелер қаралды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың орта бизнес өкілдерімен өткізген кездесуінде өңдеу өнеркәсібін дамытуға қатысты кең ауқымды мәселелер қаралды.

Жиынға Астана, Алматы және Шымкент қалаларының кәсіпкерлері, «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ министрлер, қала әкімдерінің орынбасарлары мен кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға және мемлекеттік қолдауға жауапты квазимемлекеттік сектор басшылары қатысты.

Наурызда VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы елімізге экономиканы дамыту жолында өздеріне жауапкершілік ала алатын кәсіпкерлердің «жаңа толқыны» қажет екенін атап өтті.

«Орта бизнестен зор үміт күтіп отырмыз. Ол бәсекеге қабілетті өнім шығаратын және кең ауқымды қызмет көрсететін өңдеуші сектордың қозғаушы күшіне әрі драйверіне айналуы тиіс», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Кездесу барысында қатысушылар:

- қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- өнім көлемін ұлғайту;

- импортты алмастыру және жаңа өндіріс орындарын дамыту;

- мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру;

- мемлекеттік сатып алу, салық салу, сертификаттау;

- индустриялық аймақтар мен индустриялық парктерді дамыту;

- инновацияларды енгізу;

- экспорт;

- жұмыс орындарын құру, кадр даярлау және тағы басқа мәселелерді талқылады.

Премьер-Министр мемлекеттік органдарға бизнес қауымдастығымен бірге көтерілген барлық мәселелердің шешімін пысықтау үшін тапсырма берілетінін айтты.

«Негізгі капиталға инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша әкімдіктерге қойылған нақты KPI бар. Бұл ретте ШОБ субъектілерінен түсетін корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджетке берілді, сол себепті әкімдіктер жеке секторды кеңейтуге мүдделі. Үкімет әрқашан бизнеспен диалогқа ашық екенін және оның дамуына ықпал ететін жобаларға қолдау көрсетуге дайын екенін тағы да атап өткім келеді», — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.