{metadescription}
Қазақстанға АҚШ-тан пошта арқылы есірткі жеткізбек болғандардың ісі әшкереленді

Қазақстанға АҚШ-тан пошта арқылы есірткі жеткізбек болғандардың ісі әшкереленді

Бір топ адам Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы есірткі әкелуге әрекет еткен, деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, есірткі заттары басқа зат түрінде штаттардан Алматы қаласына жіберіліп, одан ары Астанаға жөнелтілген.

ҚМА елордалық департаментінің қызметкерлері есірткі заттарын бақылау жүргізе отырып, жеткізуді жүзеге асырды.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, зат есірткі болып табылады. Жалпы салмағы 500 гр. болатын кептірілген марихуана.

«Сәлемдемені» Астана тұрғыны алып, одан әрі орау үшін басқа адамдарға берген.

«Олар «сәлемдемені» қабылдау-тапсыру кезінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген құзыры органның хабарламасында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.