Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі-2023 жеңімпаздары марапатталды
Елімізде құқықтық құзыреттерді дамытуға, цифрлық теңсіздікті төмендетуге жәнеқазақстандықтардың денсаулығын жақсартуғабағытталған 11 әлеуметтік жоба пайда болады. Олардың барлығы Нұрсұлтан Назарбаев Қорыұйымдастырған «Құқық, денсаулық жәнекоммуникация – қазіргі әлемнің орнықтыдамуына бағдарлар» республикалық әлеуметтікидеялар мен жобалар байқауының жеңімпазыатанды.
12:10 22.05.2023
Айта кетейік, 2008 жылдан бастап әлеуметтікидеялар мен жобалар байқауы өзімен аттасжәрмеңке аясында өтіп келеді. Осы уақыт ішінде Қор300-ден астам коммерциялық емес ұйымдықолдады. Маңызды әлеуметтік жобаларды іскеасыруға арналған гранттарды барлық жастағысанаттағы тұрғындар үшін инклюзияны, білім беруді, мәдениетті, спортты, кәсіптік бағдарлауды және бос уақытты ұйымдастыруды дамыту саласындағымәселелерді белсенді шешуші ҮЕҰ иеленді.
Биыл байқау үш номинация бойынша өтті: «Құқықтық құзыреттер: сыйластық мәдениеті жәнезаңдылықты сақтау», «Халықтың денсаулығы мен әл-ауқаты: денсаулық сақтау қызметтерінеқолжетімділікті арттыру» және «ҮЕҰ үшінкоммуникациялар: халықпен жұмыс істеудің үздікстратегиялары». Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен, соның ішінде ауылдық жерлер мен шалғайдағы елді мекендерден 150-ден астам ұйымқатысты. Бірақ байқау шарты бойынша тек 50 жобафиналға шықты.
- ҮЕҰ-да бей-жай қарамайтын, шығармашылық, талантты адамдар жұмыс істейтінін білеміз. Бірақолардың жәрмеңкеде ұсынғаны күткенімізден де асып түсті. Бұл заман талабына сай жәнеаймақтардағы ең өткір әлеуметтік мәселелердішеше алатын жарқын инновациялық идеялар. Айта кетейік, 29 жобалық өтінім ауылдық жерлерденкеліп түсті. Бұл ауылдық ҮЕҰ әлеуметтік маңыздымәселелерді шешуге көбірек араласқанынкөрсетеді, - деді жәрмеңке үйлестірушісі ГүлнәрЕршиманова.
Жәрмеңке мен байқау тақырыбын дамытуда іс-шараға қатысушылар мен ҮЕҰ-ның барлық мүдделіөкілі үшін екі онлайн тренинг өтті. ҚБТУ бизнесмектебінің қауымдастырылған профессоры Қайыржан Әбдіхалықов PhD сыни ойлауды дамытубойынша тренингте тыңдаушыларға пікірлесудеобъективтілікті қалай сақтау керектігін түсінудің жәнекәсіби міндеттер мен мәселелерді шешуге сыникөзқараспен қараудың маңыздылығын айтты.
Ал «Медиа сабак» қорының директоры және«Медианы қолдау орталығы» қорыныңбағдарламалық директоры Айчурек Усупбаеваныңтренингінде қатысушылар ақпараттық сауаттылықтақырыбына үңілді. Олар ақпарат көздерін талдауға, бағалауға, әлеуметтік желілердің ерекшеліктерінтүсінуге және өз жұмысы үшін медиа құралдардықолдануды үйренді. Тренинг аясында спикер тәжірибелік кейстерді, сонымен қатар, өзектіресурстар мен құралдарға қол жеткізуді ұсынды.
Жәрмеңкенің басты оқиғасы жеңімпаздардымарапаттау рәсімі еді. Екі күн ішінде 50 финалист Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруғабағытталған инновациялық идеялар мен әлеуметтікшешімдерді қорғады.
- Жәрмеңкедегі керемет шығармашылықатмосфера осы форумның барлыққатысушысының оң энергиясының арқасындақалыптасты. Шынында да, жәрмеңкенің бірегейжетістігі – бұл қоғамды дамытуға дегенталпынысы бар және осы ортақ іс үшін білімі мен тәжірибесін аямайтын адамдар. Аталған жәрмеңкееліміздің азаматтық секторының дамуына зор үлесқосып, өсіп, кеңейе түседі деп сенемін, - дедіқазылар алқасының мүшесі, «Қазақстанныңдағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғаларбірлестігінің төрайымы Зүлфия Байсақова.
Биылғы жеңімпаздар:
• «Құқықтық құзыреттер: сыйластық мәдениетіжәне заңдылықты сақтау» номинациясында:
− «Антибуллинг-Светофор» («Менің үйім» халыққаәлеуметтік көмек көрсету және дамытуорталығы» қоғамдық бірлестігі, Қарағандыоблысы, Теміртау қаласы);
− «Республиканская школа правовой грамотности для людей, затронутых туберкулезом» («Мейірімді жол» қоғамдық қоры, Алматы қ.);
− «Инклюзивное образование для всех» («АРДОС-Жүрек» мүгедектер бірлестігі» заңды тұлғаларбірлестігі, Петропавл қ.);
− «Юридический путь: Село, готовься к защите своих прав!» («Панорама» ақпараттық орталығы» қоғамдық бірлестігі, Тараз қ.).
• "Халықтың денсаулығы мен әл-ауқаты: денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділікті арттыру» номинациясында:
− «Жастардың психикалық денсаулығы және суицидтің алдын алу» («Ой бренд» қоғамдық қоры, Қызылорда қ.);
− «Үміт сәулесі» («Денсаулық-зор байлық”мүгедектер қоғамдық бірлестігі, Алматы облысы, Кеген ауылы);
− «Информационно-методическая поддержка семей и работников здравоохранения по вопросам оказания паллиативной помощи»(«Қазақстан паллиативтік көмек қауымдастығы»заңды тұлғалар бірлестігі (ҚПКҚ), Алматы қ.);
− «Развитие деятельности сервисного центра Инва СТО» («ДОС» тәуелсіз өмір орталығы»мүгедектердің қоғамдық бірлестігі, Астана қ.).
• «ҮЕҰ үшін коммуникациялар: халықпен жұмысістеудің үздік стратегиялары» номинациясында:
− «Қ@З@ҚШ@ ТЫҢД@ Д@ С@ЙР@!»(Академик З. Қабдоловтың жеке қоры, Атырау қ.)
− «Jasyl Bolashaq» («Kaz Eco Patrol» қоғамдықбірлестігінің филиалы, Талдықорған қ.);
− «Цифровая грамотность» («Zhas Дәурен» жекемекемесі Басқұдық ауылы, Маңғыстау облысы).
Бұлардың барлығына әрқайсысына 3 миллион теңгеге дейін (жоба бюджетіне сәйкес) грант беріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!