{metadescription}
Сотталғандар түрмедегі 300-ге жуық камераны істен шығарды - министрлік

Сотталғандар түрмедегі 300-ге жуық камераны істен шығарды - министрлік

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жыл басынан бейнебақылау көмегімен 3,5 мыңға жуық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта колонияларда 22 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Видеобақылаудан тыс қалған өңірлер жоқ.

«Бейнебақылау жеке басын немесе автокөлігін анықтап қана қоймай, аумақты визуалды тексеру арқылы құқықбұзушылықты анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект жүйесіне ие. ҚАЖ комитетінде ситуациялық орталық құрылды, оған еліміздегі барлық пенитенциарлық мекемелерінен бейнежазбалар таратылады. Бұл колониялардың тіршілігін бақылауға және бұзушылықтарға тек аймақтық деңгейде ғана емес, комитет деңгейінде де жауап беруге мүмкіндік береді», - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек министрліктің брифингінде.

Қадағалаушы прокурорлар үшін бейнежазбаларды қашықтан қарау мүмкіндігі бар. Нәтижесінде биылғы бірінші тоқсанда бейнебақылау операторлары ұстау режимінің 3 402 бұзушылығын анықтаған.

Ал өткен жылы 2 779 бұзушылық болды. Тыйым салынған заттар 4 канал арқылы кіргізілетіні анықталды, 13 суицид пен 3 қашу фактілерінің жолы кесілді.

Сондай-ақ, бір жылда ҚАЖ мекемелерінде қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымдар саны 4 есеге азайған.

«Мекемелерде үздіксіз бейнебақылауды енгізу контингенттің құқықтық жағдайын жақсартуға және құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға бағытталған. Бірақ, соған қарамастан, сотталғандар 293 камераны істен шығарған. Ұстау режимін бұзушыларға қатысты 45 тәртіптік жаза қолданылды, 49 сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Ш. Тұрлыбек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.