Алматы облысында жолаушылар мінген автобус апатқа ұшырады
Құлжа тас жолында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
18:55 26.06.2023
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.Бейнежазбадан №203 жолаушылар автобусы жолдың шетіне шығып кеткенін көруге болады.
Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 26 маусым күні «Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолының 24-шақырымында болған.
«54 жастағы жүргізуші көліктің рөлін басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!