{metadescription}
Желілерді жөндеу қарқыны өте баяу: Әлихан Смайылов жылыту маусымына дайындықты сынға алды

Желілерді жөндеу қарқыны өте баяу: Әлихан Смайылов жылыту маусымына дайындықты сынға алды

Үкімет басшысы алдағы жылу маусымына дайындық жұмысын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Энергия объектілері иелерінің жауапкершілігін күшейту қажет. Олардың алдына қатаң түрде қарсы міндет қою Черек. Өйткені уәкілетті органдар 27 энергия өндіруші компания үшін көтерме тарифтерді бекітіп берді. Ол тарифтерді стансалардың өздері ұсынды. Министрлік ұсыныстарды қабылдады. Жылу желілерін жөндеу жұмыстарының қарқыны өте баяу», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Премьер-Министрдің мәлімдеуінше, 47 жобаның 30-ында ғана жұмыс жүріп жатыр.

Желілерді техникалық тексеру жұмыстары да біткен жоқ.

«Уәкілетті орган мен әкімдіктер арасында үйлестірудің жоқтығынан осындай кемшіліктер орын алып отыр. Жалпы, жылыту маусымына дайындық жұмысын нашар деп бағалаймын», - дейді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.