Ауыр атлет Владимир Седовтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ауыр атлет Владимир Седовтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12:05 27.06.2023
«35 жастағы ауыр атлеттің денесі өзі тұратын мекенжайы Қаратал ауданындағы Достық ауылынан табылды. Денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Марқұмның туыстарының берген түсініктемесіне сәйкес, ер азамат өз-өзіне қол жұмсаған. Қазір осы суицид фактісіне орай қылмыстық іс қозғалды», - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазір тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, яғни өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу фактісі бойынша жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!