{metadescription}
Әлихан Смайылов электр желілерінің жай-күйін талдауға екі апта уақыт берді

Әлихан Смайылов электр желілерінің жай-күйін талдауға екі апта уақыт берді

Өңір әкімдері жылыту маусымына дайындық жөніндегі өңірлік штабтардың жұмысын түгел қайта қарауы қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Энергетика министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, жылу көздерін жөндеу мерзімін ауыстырмай, жылыту маусымына толық дайындықты қамтамасыз ету қажет. Индустрия министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, жылу желілеріндегі жөндеу жұмысын аяқтау үшін бүкіл қажетті шараларды қабылдауы тиіс. Биылғы жобаларды іске асыруға бюджет қаражатын бөлу кезінде бюрократияға жол берілмеуі керек», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Сонымен қатар Үкімет басшысы жауапкершілік мәселесін көтерді.

«Энергетика министрлігі мүдделі органдармен бірлесіп, жылу энергетикасы жөніндегі заң жобасы шеңберінде бекітілген жөндеу кестесін бұзғаны үшін энергия өндіруші ұйымдарға жауапкершілік белгілеу мәселесін пысықтау керек. Тарифті бекіту кезінде берілген өтініштердің негізділігін және станциядағы нақты жағдайды анықтауға мүмкіндік беретін кешенді тәсіл қажет. Энергетика және Ұлттық экономика министрліктері 2 апта ішінде өңірлік электр желілік компаниялардың техникалық жай-күйіне талдау жүргізіп, тәуекелдер картасын әзірлеуі керек», - деді ол.

Оның айтуынша, картада проблемаларды шешу жолдары көрсетілуге тиіс.

«Өңір әкімдері жылыту маусымына дайындық жөніндегі өңірлік штабтардың жұмысын түгел қайта қарауы керек. Жыл сайын олардың жұмысында нақты істер емес, науқаншылдық орын алып отыр. Олар қағаз жүзінде бар, ал жөндеу жұмыстарына қатысы жоқ», - дейді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде