{metadescription}
Нұрбек Пұсырманов «Мемлекет тарихы институтының» директоры болды

Нұрбек Пұсырманов «Мемлекет тарихы институтының» директоры болды

Ғылым және жоғары білім министрлігі «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Нұрбек Пұсырманов тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки таныстырды.

Пұсырманов Нұрбек Серікұлы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін 2010 жылы – бакалавр, 2013 жылы – магистратура, 2019 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін докторантура (PhD) бағдарламалары бойынша бітірген.

Еңбек жолын тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әртүрлі жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің сарапшысы, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бас сарапшысы қызметтерін атқарған.

2018-2021 жылдары Астана қаласы Ішкі саясат басқармасында бөлім басшысы, 2020-2021 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Саясаттану кафедрасының доценті міндетін атқарушы, 2021-2023 жылдары ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» ШЖҚ РМК Ғылым жөніндегі вице-президенті болған.

24 ғылыми және 6 танымдық жарияланымдар, «Қазақстан тарихы» (сандар мен сызба-кестелерде)/2010/ атты оқу құралының авторы. «Ұлттық идея қазақстандық қоғамды топтастырудың факторы ретінде» тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде