Екібастұзда екі көлік соқтығысып, жүргізуші ауруханаға түсті
Апат салдарынан жүргізуші зардап шекті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Фото: Рavlodarnews.kz
10:40 28.06.2023
Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 17:00 шамасында Пішембаев – Қазбек Нұралин көшелерінің қиылысында Mitsubishi көлігі мен «Газель» автокөлігі жол апатына ұшыраған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 44 жастағы «Газель» автокөлігінің жүргізушісі жарақат алды. Қазіргі уақытта ол ауруханаға жатқызылды», - деді департаментте.
Автомашиналар мамандандырылған тұраққа қойылды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде, сараптама тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!