Шығыс Қазақстанда барлық табиғи өрттер сөндірілді
Орманшылардың, өрт сөндірушілердің және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күш-жігерінің арқасында Ұлан ауданындағы Приморск орманшылығында және Глубокое ауданындағы Комсомол орманшылығында (Өскемен қаласының шеті) құрғақ өсімдіктердің жануы тоқтатылды.
Фото: ТЖМ
15:42 28.06.2023
«26 маусымынан бастап Ұлан ауданында жалпы ауданы 5 га болатын өртпен күресіп, ал 27 маусым сағат11.00-ден бастап Өскемен қаласының шетіндегі өртпен арпалысып, жалпы ауданы 14,2 га өрт сөндірілді», - деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Естеріңізге сала кетсек, бұл екі өртті сөндіруді таулы, жартасты жерлер мен қатты соққан желдің екпіні қиындатып, жағдайды ушықтырды, өрт бірден үлкен аумаққа тарады.
Қол жетпейтін жерлерде өрттерді сөндіру үшін ШҚО әуе бөлімшесінің тікұшақтары қолданылды. Әуе бөлімшесі 7 рет су төкті, осылайша өрттің таралуына жол бермеді.
Әдетте, мұндай өрттер тұрғындардың отқа немқұрайлы қарауынан болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!