{metadescription}
Алдағы үш күнге ауа райы болжамы

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 29 маусым – 1 шілде аралығындағы күн райына болжамын жариялады.

«Алдағы үш тәулікте республика аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронталды бөліктер ықпал етеді, онымен қысқа мерзімді жауын-шашын, найзағай және екпінді жел күтіледі. 1 шілдеде елдің батысында қатты жаңбыр болжанады, бұршақ жаууы ықтимал. Ал солтүстік пен орталықта күн райы көбіне жауын-шашынсыз болады», - делінген синоптиктер мәліметінде.

Ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: солтүстік аумақтарда 25-30 градусқа дейін, орталықта 30-35, оңтүстікте 33-38, оңтүстік-шығыста 28-33, шығыста 17-25 градусқа көтеріледі. Елдің батысында температуралық фон айтарлықтай өзгермейді. Күндіз күн 25-30 градусқа дейін жылынады. Оңтүстік-батыста – 33-38.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде