{metadescription}
Астана - Уфа бағытында тұрақты рейстер қайта ашылады

Астана - Уфа бағытында тұрақты рейстер қайта ашылады

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейс санын ұлғайту жұмысының аясынгда Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселесін пысықтады.

Осылайша «Red Wings» әуе компаниясы 25 шілдеден бастап Астана – Уфа бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастайтын болды.

Тасымал «Sukhoi Superjet-95» типті әуе кемелерінде сейсенбі және жұма күндері аптасына 2 рейс жиілігімен орындалады.

Әуе қатынасын жаңғырту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде