{metadescription}
Атырауда 12 жасар бала Жайық өзеніне батып кетті

Атырауда 12 жасар бала Жайық өзеніне батып кетті

Атырауда 12 жасар жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, оқиға бүгін, 7 шілдеде болған.

«Күндізгі сағат 13:16 шамасында 12 жастағы жасөспірім Жайық өзенінің арнайы жабдықталмаған тұсында суға шомылған. Алайда, жеткіншек судан қайта шықпай қалған. Жедел құтқару жасағының 3 құтқарушысы оқиға орнына жедел жетіп, өзенге батқан жасөспірімді іздестіруді бастады. Жергілікті уақытпен сағат 14:54-те баланың мәйіті судан шығарылды», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Биыл су айдындарында шомылу кезеңі бұрынғыдан 15 күнге кеш басталды. Оған Жайық өзеніндегі су деңгейі тұрақтамағаны себеп болған.

«Атырау облысында шомылуға арналған 6 жағажай бар. Оның ішінде Атырау қаласында 3, Жылыой ауданында 2 және Индер ауданында 1 жағажай орналасқан», -деп мәлім етті қоғаммен байланыс тобынан.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 қазан

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде