{metadescription}
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кейбір аумақтарында қатты ыстық болады

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кейбір аумақтарында қатты ыстық болады

Қазгидромет ел аймақтарында 9 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен елміздің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр жауады. Республикамыздың оңтүстік-шығысында, шығысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде. Елміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз.

«Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында өте қатты ыстық күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, шөлді аудандарында, Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының облысының, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Алматы облысының батысы мен орталығында, Қостанай облысының солтүстік жартысында, Павлодар облысының солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі», - деп жазды синоптиктер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде