{metadescription}
Ескекші Мария Бровкова әлем чемпионатында тағы бір медаль жеңіп алды

Ескекші Мария Бровкова әлем чемпионатында тағы бір медаль жеңіп алды

Қазақстандық ескекші Мария Бровкова Италияның Ауронзо қаласында байдарка мен каноэдан жасөспірімдер мен жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спортшының анасы әрі жеке бапкері Елена Бровкованың мәлім еткеніндей, бүгін Мария 18 жасқа дейінгілер арасында бір адамдық каноэда 200 метр қашықтықта үздік үштікке ілікті.

Мажарстандық Агнес Кисс чемпион атанса, канадалық Элизавет Макартур күміс жүлдеге ие болды. Мария Бровковаға бұл жолы қола медаль бұйырды.

Сөйтіп, М.Бровкова осы біріншіліктің өзінде алтын, күміс және қола алды. Енді 5000 метрлік қашықтық қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.