{metadescription}
Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртіне тікұшақпен 162 тонна су төгілді

Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртіне тікұшақпен 162 тонна су төгілді

Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртін сөндіру үшін тікұшақпен 162 тонна су төгілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, әкімдік өртті сөндіруге өндірістік кәсіпорындардың техникалары тартылған.

«Каспий теңізінің жағалауындағы өртті сөндіруге қатысқан жұмысшыларды тамақтандыру ұйымдастырылды. Қамыс өртін сөндіруге тікұшақпен 54 рет су тасылды. Бүгін, 9 шілдеде қамыс өртіне 162 тонна су төгілді. Аэровизуалды барлау кезінде лаулап жанып жатқан өрт ошағы анықталмады. Кейбір аумақта қамыс бықсып жатыр», -деп хабарлады Жасұлан Бисембиев.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, бүгін, 9 шілдеде теңіз жағалауындағы жалын шарпыған аумақ 690 гектарға жеткен.

Каспий теңізінің жағалауында 6 шілдеден бері қамыс өртеніп жатыр.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Асқат Ержановтың мәліметінше, Каспий теңізінің жағалауындағы өрттің тұтанғаны кешкі сағат 20:00 шамасында белгілі болған.

«Қамыс өрті Атырау қаласындағы Кеңөзек ауылдық округінен 30 шақырым қашықтықта тіркелді. Сол күні кешкісін өрт аумағын бақылау үшін 12 қызметкер жіберілді», -деп мәлім еткен еді Асқат Ержанов.

Кейін Каспий жағалауындағы қамыс өрті 450 гектарға жайылғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, қамыс өртін сөндіруге Қызылордадан тікұшақ тартылатынын хабарлаған едік.

Ал, кеше жағалаудағы қамыс өртіне тікұшақпен 60 тоннаға жуық су төгілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде