{metadescription}
Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

10 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Синоптиктердің болжамынша, тек Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларында ауа сапасы біршама нашарлап, қолайсыз метеорологиялық жағдай болуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде