{metadescription}
Алматыда Абай даңғылының бір бөлігі ашылып, екінші учаске жабылады

Алматыда Абай даңғылының бір бөлігі ашылып, екінші учаске жабылады

Алматыда жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқПарат.

Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, 10 шілдеде таңғы сағат 06:00-ден бастап Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі учаскеде Абай даңғылы бойынша қозғалыс ашылады. Онда полимерасфальтобетонды пайдалана отырып, орташа жөндеу аяқталды.

Қолайлы ауа райы жағдайында асфальтбетон төсемінің төселуіне байланысты 10 шілдеде сағат 22:00-ден 13 шілдеде сағат 06:00-ге дейін күндізгі және түнгі уақытта Жароков көшесінен Жақсылық Үшкемпіров көшесіне дейін шығыс бағытта әл-Фараби даңғылының бойымен қозғалыс толығымен жабылады.

Айналма жол Жароков, Тимирязев, Сейфуллин көшелерімен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар 11 шілде күні таңғы 6:00-ге дейін Абай даңғылымен Назарбаев даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін асфальтбетон төсеуге байланысты көлік құралдарының қозғалысын толық жабу жоспарланып отыр. Айналма жол Құрманғазы, Сәтбаев көшелері, Назарбаев даңғылы, Сейфуллин даңғылы бойынша қамтамасыз етіледі.

«Жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп жатыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Бұл – қаланың жолдары бізге ұзағырақ қызмет етуі үшін қажетті шара. Бағыттарыңызды алдын ала белгілеп алуды өтінеміз», - деп хабарлады басқармадан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде