{metadescription}
Жол апатынан автобустың 20 жолаушысы қаза тапты

Жол апатынан автобустың 20 жолаушысы қаза тапты

Нигерияның оңтүстік-батысындағы Лагос штатында жексенбі күні автобус пен жүк көлігінің соқтығысуынан 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лагос штатының көлік басқармасы жексенбі күні оқиғаның Мово қаласындағы жолда болғанын хабарлады. Жүргізушімен бірге 20 адам болған автобус, үлкен жылдамдықпен келе жатып, құм мен топырақ тиелген алдыңғы көлікке соғылды. Автобустағы адамдардың барлығы қаза тапты. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

Көлік басқармасының мәліметінше, жол апатына жылдамдықты арттыру себеп болған.

Нигерияда жолдың нашарлығына және жылдамдықты арттыруға байланысты жол апаты жиі болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде