{metadescription}
Ер адам балабақшаға шабуыл жасап, 6 адамды пышақтады

Ер адам балабақшаға шабуыл жасап, 6 адамды пышақтады

Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Гуандун провинциясында ер адам балабақшаға пышақпен шабуыл жасап, алты адам мерт болды, біреуі жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция 25 жастағы ер адамды тұтқындағанын және шабуыл себептерін анықтап жатқанын мәлімдеді. Құрбандардың арасында бір мұғалім, екі ата-ана мен үш бала бар. Оқиға «қасақана жасалған шабуыл» деп аталды. Полицейлердің сөзінше, шабуыл дүйсенбі күні жергілікті уақытпен 07:40-та жасалған. Қытайда күш көрсетіп жасалатын қылмыс басқа елдермен салыстырғанда сирек, бірақ кейінгі жылдары елде пышақпен шабуыл жасау жиілеп кетті. Оның бірнешеуі мектепте болған.

Былтыр тамызда пышақ ұстаған ер адам оңтүстік-шығыстағы Цзянси провинциясындағы балабақшаға баса-көктеп кіріп, үш адамды өлтіріп, алты тұрғынды жарақаттаған. 2021 жылдың сәуірінде Гуанси-Чжуан автономды ауданының Бейлю қаласында пышақпен жасалған шабуыл салдарынан екі бала қаза тауып, 16 адам жарақат алды. 2018 жылдың қазанында Қытайдың оңтүстік-батысында Чунциндегі балабақшада 14 бала пышақтан жарақат алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде