{metadescription}
ШҚО-да бірнеше тонна күкірт қышқылы төгілді

ШҚО-да бірнеше тонна күкірт қышқылы төгілді

Күршім ауданында, Ақбұлақ және Егіндібұлақ ауылдары арасында қышқыл құйылған жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақтық коммуникациялар қызметінің дерегі бойынша, көлік апатқа ұшырауы салдарынан 20 тонна күкірт қышқылы төгілген.

ШҚО Санитария-эпидемиологиялық бақылау департаменті оқиға орнынан ластанған топырақ алынып тасталатынын хабарлады.

Жақын маңдағы бұлақ шамамен бес шақырым жерде орналасқан.

Әкімдіктің сөзінше, жергілікті тұрғындар бұлақты пайдаланбайды. Соған қарамастан мамандар қышқыл төгілуі салдарынан бұлақтың ластанған әлде ластанбағанын анықтау үшін судан сынама алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде