{metadescription}
ҰБТ: Биыл грант конкурсына өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады

ҰБТ: Биыл грант конкурсына өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады

Ақтаулық талапкер Алматыдағы ЖОО-ға құжат тапсырғысы келсе, жергілікті уинверистет арқылы құжаттарын жолдай алады. Ол үшін Алматыға арнайы барудың қажеті жоқ. 2023 жылғы негізгі ҰБТ қорытындысын жариялаған Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев шалғай өңірлердегі талапкерлерге осындай кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы жерде мына маңызды нәрсені айта кетсем, құжаттарды кез-келген ЖОО арқылы тапсыруға болады. Мысалы, Алматыға оқуға түсуді жоспарлап отырған ақтаулық түлек грантқа өтініш беру үшін Алматыға келмей-ақ, құжаттарын еGov арқылы онлайн немесе жергілікті ЖОО арқылы офлайн тапсыра алады», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сондай-ақ, вице-министр грант конкурсына құжат қабылдау 7 күн бойы жүретінін ескертті.

«Биыл грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылады. Алыс аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін еGov электронды үкімет порталы арқылы онлайн өтініш қабылдау жүргізіледі. Сонымен қатар, құжаттарын дәстүрлі форматта – офлайн тапсырғысы келетіндер үшін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жұмыс істейді», - деді Қуаныш Ерғалиев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде