{metadescription}
Биыл «Алтын белгі» иегерлеріне грант конкурсында қандай басымдық беріледі

Биыл «Алтын белгі» иегерлеріне грант конкурсында қандай басымдық беріледі

2023 жылғы негізгі ҰБТ қорытындысын жариялаған Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев биыл «Алтын белгі» иегерлеріне грант конкурсында қандай басымдық берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл да әлеуметтік осал топтарға арналған 7 топ сақталды. Сонымен қатар, былтырдан бастап ауыл квотасы да 30 пайыздан 35 пайызға ұлғайған. Биыл да 35 пайыз болады. Былтырдан бері беделді халықаралық пән олимпиадалары мен жарыс, конкурс жүлдегерлері мемлекеттік грантқа ҰБТ тапсырмай-ақ иелік етеді. Мемлекеттік грант конкурсында балл саны тең болып қалған жағдайда «Алтын белгі» иесіне басымдық беріледі», - деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, биыл 5812 «Алтын белгі» иегері мектеп тәмамдап отыр.

«Әскери борышын өтегендерге қатысты да өзгерісті айта кетейін. Мұндай балалар ҰБТ-сыз, әңгімелесу арқылы ақылы негізде ғана және университеттердің ішкі гранттарына ие бола алады.

Жылдағыдай Білім беру гранттарының иегерлері 10 тамызға дейін жарияланады», - деді министрдің орынбасары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде