{metadescription}
Амангелді Халмұрадов Маңғыстау облысы әкімінің аппарат басшысы болды

Амангелді Халмұрадов Маңғыстау облысы әкімінің аппарат басшысы болды

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген аппараттың жаңа басшысын ұжымға таныстырды. Ол - Амангелді Халмурадов, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Амангелді Халмурадов Ш. Есенов атындағы Ақтау университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын және Алматы менеджмент университетін «Бизнес және менеджмент», «Құқықтану», «Іскери әкімшілік» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Жетібай автокөлік кәсіпорнында слесарь шәкірті болып бастаған.

1986 жылдан 1988 жылға дейін Қарулы күштер қатарында мерзімді қызмет атқарды.

1988-1990 жылдары Маңғышлақ автокөлік-өндірістік бірлестігінің «Трансагенттік» автокөлік кәсіпорнында слесарь болып жұмыс істеді.

1990 жылдан 2006 жылға дейін ішкі істер органдарында қызмет атқарды, онда полиция-жүргізушісінен бастап, Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің тылдық қамтамасыз ету бастығына дейін қызмет атқарды.

2006 жылдан 2010 жылға дейін жеке секторда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2010 жылдан 2022 жылға дейін ішкі істер органдарында қызмет атқарып, тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы, Ақтау қаласы ішкі істер басқармасының бастығы, Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымында болды.

2022 жылдың қараша айынан бастап қазірге дейін Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде