LRT құрылысына байланысты Астанада жол жабылады
Астанада LRT құрылысына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқПарат.
Фото: avtotachki.com сайтынан алынды
08:35 11.07.2023
«LRT желісі құрылысының аумағын дайындау шеңберінде Сығанақ көшесінің бойында Министрліктер үйі мен «Қазақстан» Орталық концерт залы ауданында инженерлік желілерді қайта орнату жұмысы жүріп жатыр.
Осыған байланысты 10 шілдеден 15 тамызға дейін Сығанақ көшесінің Есіл өзені арқылы өтетін көпір тұсынан бастап «Қазақстан» ОКЗ және Министрліктер үйі жағына қарай көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі», - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ әкімдік мәліметінше, Мәңгілік е л даңғылы , Арай көшесі және «Тұлпар» көпірі нің учаскелерінде орташа жөндеу жүргізіл іп жатыр. Осыған байланысты 11-17 шілде аралығында Ә.Кекілбаев көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейінгі учаскеде Мәңгілік ел даңғылы бойынша қозғалыс жабылады.
Сондай-ақ 12 шілдеден 3 тамызға дейін «Тұлпар» көпірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Жөндеу жұмысына байланысты 11-20 шілде аралығында Жауқазын көшесінен бастап Космонавтов көшесіне дейінгі аралықтағы Арай көшесінің учаскесі жабылады.
Бұдан бөлек, Кенесары көшесін орташа жөндеуге байланысты 14-16 шілде аралығында Кенесары көшесінің А.Янушкевич көшесінен Е. Брусиловский көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысына толығымен тыйым салынады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!