{metadescription}
Кен орнынан алынған металл шикізат ең бірінші қазақстандық кәсіпорындарға жеткізіледі – заң жобасы

Кен орнынан алынған металл шикізат ең бірінші қазақстандық кәсіпорындарға жеткізіледі – заң жобасы

Еліміздегі кен орындарынан металл өнідірумен айналысатын кәсіпорындар өндеуші өнеркәсіптерге бірінші кезекте шикізат жеткізуге міндеттеледі. Мұндай ұсыныс Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ашық талқыға шығарған «Өнеркәсіптік саясат туралы» ҚРЗаңында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқПарат.

«Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларға сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағындағы металл кендерінен өндірілген шикізатпен бірінші кезекте өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары қамтамасыз етілсін», - деп жазылған өзгеріс енгізілуі мүмкін заң жобасында.

Құжатта жазылғандай, шикізат өндірушілерге мұндай міндеттеме жүктеу Мемлекет басшысының елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңес барысында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында ұсынылып отыр.

«Осыған байланысты, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын Қазақстан аумағында өндірілген кеннен өндірілген бастапқы металдармен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді енгізу ұсынылады. Бұл түзету өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірме берілген өзгеріске.

Заң жобасы 21 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде