{metadescription}
Батыс Қазақстанда 38 дала өртінің 35-і сөндірілді

Батыс Қазақстанда 38 дала өртінің 35-і сөндірілді

Батыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер кешеден бері хабарлама бойынша 60 рет шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, соның ішінде 10 шаршы метрден 7 мың гектарға дейінгі аумақта жанған 38 құрғақ шөп өртінің 35-і сөндірілді.

Қазіргі кезде үшеуі, атап айтқанда, Казталов ауданы Көккүтір қыстағында (4 800 га), Сырым ауданы Тоғанас ауылында (7 мың га), Ақжайық ауданында Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округімен шектесетін аумақта (6 700 га) құрғақ шөптің жануы бақылауда ұсталып отыр.

ТЖ департаментінің дағдарыс орталығында құрамына барлық коммуналдық қызметтер кірген жедел штаб құрылды.

Казталов ауданында жалынды ауыздықтау үшін кеше сағат 21.17-де облыс орталығынан қосымша күш-құралдар (24 адам, 3 техника) жіберілді.

Сырым ауданы Тоғанас ауылы маңында 242 адам (53 техника) жұмыс істеп жатыр.

Ақжайық ауданы Шымқұдық қыстағы маңындағы өртке 216 адам (35 техника) жұмылдырылған.

«Сонымен қатар кеше Орал қаласында күшті жел салдарынан жеке сектор ішінара электр жарығынсыз қалды. «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» ЖШС күшімен (40 адам, 10 техника) қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезде бірқатар аумақта 1 898 абонент электр жарығынсыз қалып отыр», деп хабарлады ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде