{metadescription}
Ақтөбеде 4 жасар баланың өліміне қатысты істің негізгі сот отырысы белгіленді

Ақтөбеде 4 жасар баланың өліміне қатысты істің негізгі сот отырысы белгіленді

Ақтөбеде 4 жасар Данил Ахуновтың өлімінен соң оның әкесі Артур Ахуновқа қылмыстық айып тағылды. Негізгі сот отырысы 17 шілде күні өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға былтыр желтоқсан айында болды. Марқұм Данил Ахуновтың әкесі баласының жоғалып кеткенін айтып, полицияға хабар берді. Оны іздеуге полициямен қатар еріктілер жұмылдырылды. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері де іздеу жұмыстарына қатысты.

Ал арада екі күн өткенде облыстық ПД баспасөз қызметі баланың денесі табылғанын, онда зорлық белгілері бар екенін хабарлады. Сол күні Қылмыстық кодекстің «Кісі өлімі» бабы бойынша іс қозғалды. 

Сол күні еріктілер мән-жайды айтып, олар біраз уақыт тәрбиеленген балалар үйінің алдында қоштасу бұрышын жасады. Деректерге сүйенсек, Максим, Данил, Милана біраз уақыт сәбилер үйінде тәрбиеленген. Кейін оларды өз туған әкесі алып кеткен. Ал еріктілер тобының жетекшісі Екатерина Голотинаның айтуынша, олар бұл отбасына үнемі көмектесіп жүрген. Бала жоғалғанда да іздеу жұмыстарын полициямен қатар жүргізді. 

«Іс сотқа 30 маусым күні түсті. Ал негізгі сот отырысы 17 шілдеге белгіленіп отыр»,- деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде