{metadescription}
Теңгенің жаңа банкнотына Ұлттық банк төрағасының қолы қайта қойылуы мүмкін

Теңгенің жаңа банкнотына Ұлттық банк төрағасының қолы қайта қойылуы мүмкін

Енді теңге банкноттары мен монеталарында Ұлттық банкі төрағасының қолы мен ақшаны қолдан жасағаны үшін жауапқа тартылатыны туралы мәлімет орналастырылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы» ҚР Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесi банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Мыналар:

1) сериялық нөмірі және дизайнының бекітілген жылы;

2) банкноттардың дизайны бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының қолы;

3) банкноттарды қолдан жасау үшін жауаптылық туралы жазба банкноттар дизайнының қосымша элементтері болып табылады», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Президеттің Жарлық жобасында.

Айта кетейік, қазіргі банкноттар мен монеталарда банк төрағасының қолы мен ақшаны қолдан жасағаны үшін жауапкершілік қарастырылғаны туралы мәлімет орналастырылмайды. Ұлттық банк мәліметіне сай, мұндай тәжірибе әлемнің бірнеше елінде бар. Бұл - банкноттың түпнұсқа екеніне кепілдік бермек.

«Жарлықтың жобасының мақсаты - банкноттардың дизайнын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының қолы түріндегі жаңа элементпен толықтыру. Ол тұтынушы алдында шығарылған банкноттардың түпнұсқалығына кепілдік беру функциясын күшейту мақсатында енгізіліп отыр. Бұл практика бірқатар елдерде, атап айтқанда, Еуропа Одағында, сондай-ақ Англияда, АҚШ пен Сингапурда қолданылады. Сонымен қатар, банкноттардың дизайнын жалған ақша жасау үшін жауаптылық туралы ескерту түріндегі жаңа элементпен толықтыру ұсынылады», - деп түсіндірме берілген Жарлық жобасына.

Құжат 24 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Мемлекет басшысына жолданады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде