{metadescription}
Президент елордадағы ЖЭО-3-тің 2 кезегі мен 3-ші газ қазандығының құрылысына қатысты ұсыныс енгізуді тапсырды

Президент елордадағы ЖЭО-3-тің 2 кезегі мен 3-ші газ қазандығының құрылысына қатысты ұсыныс енгізуді тапсырды

Астана тұрақтылық пен орнықты дамудың үлгісі болуға тиіс. Бұл туралы елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қала қарқынды түрде өсіп келеді, инженерлік желілерге жүктеме тұрақты түрде арта түсуде. Сондықтан ЖЭО-3-тің екінші кезегі мен үшінші газ қазандығының құрылысын кідіріссіз және түпкілікті анықтау қажет. Бір ай мерзімде тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Біздің міндетіміз – Астананы кем дегенде он жыл бұрын сенімді жылумен қамтамасыз ету. Бұл елорданың тұрақты дамуы үшін де өте маңызды. Бұл мәселе Астананың мемлекеттің әкімшілік және саяси орталығы ретіндегі ерекше рөлін ескере отырып, стратегиялық маңызға ие», - деді Президент.

Мемлекет басшысы Астана еліміздің ілгерілеуінің локомотиві саналатындығын, сондықтан тұрақтылық пен орнықты дамудың үлгісі болуға тиістігін баса айтты.

Жалпы, Үкімет барлық өңірде жылыту маусымына дайындықты бақылауда ұстауы керек. Екібастұзда тұрғындар 30 градус аязда жылусыз қалған жағдайдың қайталануына жол бермеу керек. Жаздың ортасы болды, көп уақыт қалмады. Сондықтан барлық қажетті жұмыстар қыс мезгілі келгенге дейін аяқталуы тиіс. Суық ауа райы басталғанға дейін бүкіл ел бойынша жылу көздері мен коммуналдық желілерді тиісті күйге келтіру үшін барлық қажетті іс-шараны қабылдау қажет. Бұл үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың тиімді және үйлесімді жұмысы, сондай-ақ мердігерлер мен жылу көздері иелерінің жауапты тәсілі талап етіледі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде