{metadescription}
Түркістан облысында тау басынан құлап кеткен туристің денесі табылды

Түркістан облысында тау басынан құлап кеткен туристің денесі табылды

Түркістан облысында тау басынан құлап кеткен туристің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазір құтқарушылар 56 жастағы азаматтың денесін таудан түсіру жұмысын жүргізіп жатыр.

«Бүгін Түркістан облысы ТЖД құтқарушыларының күшімен теңіз деңгейінен 3800 метр биіктікте 1967 жылы туған адамның денесі табылды. Қазіргі уақытта оны жаяу түсіру жұмыстары жүріп жатыр. Қалыңдығы 20 см қар жамылғысы, жер бедерінің таулы, тасты болуы түсіру жұмыстарын қиындатуда. Іздеу-құтқару жұмысына Түркістан облысының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Альпинизм федерациясының кәсіби альпинистері жұмылдырылды», - делінген төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, Төлеби ауданындағы Сайрам шыңын бағындырмақ болған ер адам қайтар жолдағы қауіпті аумақта төмен құлап кеткен болатын.

Оның қасында әйелі мен досы болған.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты туристің денесін іздеу жұмыстары барысында біршама қиындық туды.

Ал кеше құтқарушылар іздеу жұмыстарының видеосын жариялады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде