{metadescription}
Президент әкімдікке елордада бірегей ғимараттар салу ісін қолға алуды тапсырды

Президент әкімдікке елордада бірегей ғимараттар салу ісін қолға алуды тапсырды

Елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада бірегей әрі тартымды нысандар салу бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұған дейін мен Есіл өзенінің жағалауын, ЭКСПО аумағын және қаланың басқа да аудандарын абаттандыруды тапсырған едім. Беделді жергілікті және әлемдік сарапшыларды, урбанистерді тарта отырып, осы бағытта жаңа ұсыныстар әзірлеу қажет.

Сонымен қатар, елордада бірегей нысандарды салу тоқтады. Керісінше, тұрғын үй құрылысына тым көп көңіл бөлініп кетті. Бір кездері бизнес өкілдерінің қолдауымен «Абу-Даби Плаза», «Хан Шатыр», «Talan Towers» сияқты кешендер бой көтерді. Олар бүгінде Астананың символына айналды. Әкімдік осы тәсілді қайта қолданып, қалада жаңа көрікті кешендерді салу үшін жеке инвесторлар мен танымал сәулетшілерді тартуы қажет», - деп тапсырма жүктеді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қала бейнесі бірінші кезекте елдің беделіне әсер ететінін баса айтты.

«Қала құрылысы ең алдымен үлкен өнер екенін және оның мемлекет беделіне әсер ететінін есте ұстаған жөн. Қазіргі әлемде сұлулық өмірге үйлесім сыйлап, қаланың символдық капиталын арттырады, таланттар мен инвестиция тартуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, заманауи сәнді әрі тартымды ғимараттар мен ойластырылып жасалған көшелер, абаттандырылған аулалар қала тұрғындарының өмір сүру сапасының ажырамас бөлігі саналады», - деп мәлем етті Президент.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.