{metadescription}
Ақтөбеде 4 айлық сәбидің басынан күн өтіп, дәрігер көмегіне жүгінді

Ақтөбеде 4 айлық сәбидің басынан күн өтіп, дәрігер көмегіне жүгінді

Ақтөбеде күн күрт ысып, жедел жәрдемге шақырту көбейді. Тіпті 4 айлық сәбиге күн тиіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысындағы жедел жәрдем орталығына күніне мың шақырту түсіп жатыр.

Көбі - жүрек-қантамыр ауруына шалдыққан ересектер. Дегенмен соңғы аптада аптап ыстыққа шыдамай, күн тиген адамдарға да көмек көрсетіліп жатыр.

«6-10 шілде аралығында 10 адамға күн тиіп, дәрігер көмегіне жүгінді. Оның үшеуі ересек, қалғаны бала. Екі баланы ауруханаға жеткіздік. Анасы мен баласы далада жүріп, 4 айлық сәбиге де күн тиді. Бір сағаттай жүрген шамамен. Әлсіз болған соң дәрігерлерге жүгінді»,- деді облыстық медициналық жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары Гүлжанат Кушетова.

Сонымен бірге, жағадайға барып, күн тиіп, әлсіреп қалған жасөспірімдерге де көмек көрсетілді.

«Далаға көп шығуға болмайды. Шыққан кезде бас киім, жеңі ұзын әрі мақта матадан тігілген киім киген жөн. Су көп ішсе, дұрыс болады. ЙБәрі термен шығады. Қазір күніне 1 мың адамнан астам шақыртуға барамыз. Бұған дейін 900 болды. Көбіне қан қысымы көтеріледі. Үлкен адамдар басым. Кейде жасы 25-30-ға келгендерде де тіркеледі»,- деді Гүлжанат Кушетова.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде