{metadescription}
Каспий жағалауындағы қамыс өртіне 500 тонна су төгілді, от ошағы әлі бықсып жатыр

Каспий жағалауындағы қамыс өртіне 500 тонна су төгілді, от ошағы әлі бықсып жатыр

Атырау облысында Каспий жағалауындағы қамыс өртіне 501 тонна су төгілді. Әлі 2 гектарда қамыс бықсып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, қамыс өртіне әлсін-әлсін аэровизуалды тексеру жүргізіліп отыр.

«Аэровизуалды тексеру жүргізілгеннен кейін қамыс өртін әуе және жерүсті тәсілімен сөндіруге шешім қабылданды. Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өрті 830 гектар аумақты шарпыды. Қазір 2 гектарда қамыс әлі бықсып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігіне «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағымен 167 рет су төгілді. Қамыс өртіне төгілген су көлемі шамамен 501 тоннаны құрады», -леп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оған облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен «Ақжайық» мемлекеттік тбиғи резерватынан 85 адам мен 14 техника жұмылдырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде