{metadescription}
Нөсер жаңбыр салдарынан 86 адам қаза тапты

Нөсер жаңбыр салдарынан 86 адам қаза тапты

Пәкістанда 25 маусымнан бастап жауған жауын-шашын салдарынан кем дегенде 86 адам қаза тауып, тағы 151 адам жарақат алды.

Бұл туралы дүйсенбіде елдің табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі Ұлттық басқармасы мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, Пәкістанның шығысындағы Пенджаб провинциясы ең көп зардап шеккен аймақ болды. Онда қатты жаңбырдан туындаған су тасқынынан кем дегенде 52 адам көз жұмған.

Бұдан басқа, бүкіл ел бойынша су тасқыны кезінде кем дегенде 97 үй қирап, 46 бас мал қырылды.

Қазіргі уақытта үкімет, коммерциялық емес ұйымдар мен еріктілер зардап шеккен аудандарда құтқару жұмыстарын жүргізуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 қазан

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде