{metadescription}
Оралдан Алматыға ұшуы тиіс FlyArystan ұшағы 12 сағатқа кешікті

Оралдан Алматыға ұшуы тиіс FlyArystan ұшағы 12 сағатқа кешікті

FlyArystan әуекомпаниясының ұшағы орындайтын КC7166 Орал - Алматы рейсі өндірістік қажеттілікке байланысты кешігіп жатыр.

«11 шілде күні сағат 21:00-де орындалуы тиіс КC7166 Орал - Алматы рейсі өндірістік қажеттілікке байланысты кешіктірілді. Рейс Орал қаласының жергілікті уақыты бойынша алдын ала 12 шілдеді сағат 09:20-да ұшады деп жоспарланып отыр», - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, рейс 2 сағаттан артық кешіктірілген кезде жолаушыларға сусындар, 5 минуттан аспайтын 2 телефон қоңырауын немесе 2 электрондық пошта хабарламасын жолдау мүмкіндігі ұсынылады.

Ал, 4 сағаттан артық кешіктірілгенде ыстық тамақ беріледі.

5 сағаттан аса кешіктірілгенде бір рет тегін әуе билеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде