{metadescription}
Елімізде инфляция 4 ай қатарынан төмендеп келеді

Елімізде инфляция 4 ай қатарынан төмендеп келеді

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин айтты.

«Қазақстанда инфляция маусым айында жылдық мәнде 14,6 пайызға жетіп, төрт ай қатарынан төмендеуде. Маусымдық факторлардың айқын көрінуінен азық-түлік инфляциясының тұтыну бағаларының жалпы өсуіне қосатын үлесі азаюда. Ұлттық банк инфляцияның осы жылдың соңына қарай 11-14 пайызға дейін баяулауын күтеді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, азық-түлікке әлемдік бағаның одан әрі төмендеуі және сауда әріптес елдеріндегі инфляцияның төмендеуі инфляцияға тежеуші ықпал етеді. Проинфляциялық тәуекелдер ішкі факторлар тарапынан сақталып отыр. Ол – инфляциялық күтулердің жоғары деңгейде орнығу ықтималы, фискалдық ынталандырудың күшеюі, жанар-жағармай мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметтері бағаларының өсуінен болатын барынша күшті жанама әсер ету.

«5 шілдеде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,75 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Инфляцияның баяулауы болашақта базалық мөлшерлемені біртіндеп төмендету үшін жағдай жасауда. Болжамдық раунд нәтижесін негізге ала отырып, базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім қабылдау кезінде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жан-жақты қарау арқылы төмендету орындылығын бағалайды», - деді Виталий Тутушкин.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.