{metadescription}
БЖЗҚ активтері 16,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды

БЖЗҚ активтері 16,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері 1-жартыжылдықта 16,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин айтты.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері 1-жартыжылдықта 16,1 трлн теңгеге дейін 9,9 пайызға ұлғайды, инвестициялық кіріс көлемі 588,5 млрд теңге болды. Зейнетақы активтерінің портфелін әртараптандыру және шетелдік нарықтарда инвестициялау мақсатында 2023 жылдың басынан бастап 1,3 млрд доллар сатып алынды», - деді Виталий Тутушин.

Оның атап өтуінше, Ұлттық банк сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуалдың дамуын қадағалай отырып, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және инфляцияны одан әрі төмендету жұмысын жалғастыратын болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде