Петропавл түрмесінде жазасын өтеуші көз жұмды: Тергеу басталды
Солтүстік Қазақстан облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №48 мекемесінде жазасын өтеуші қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15:21 24.07.2023
СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 21 шілде күні болған. Петропавлдағы №48 мекемеде жазасын өтеп жатқан бірнеше адам арасында тұрмыстық жанжал шығып, әкімшілік қызметкерлері араласқаннан кейін басылған. Профилактикалық әңгіме барысында сотталғандардың бірі демала алмай, тұншыға бастаған. Мекеме қызметкерлері дереу жедел жәрдем қызметін шақырған. Мамандар келгенше өздері алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Алайда, ол нәтиже бермей, келген жедел жәрдем дәрігерлері ер адамның өлгенін тіркеді.
«Бұл факті ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. СҚО Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тергеу тағайындады», - делінген баспасөз хабарламасында.
Әзірге, жазасын өтеушінің неден қайтыс болғаны белгісіз. Сарапшы денені сыртқы тексеру кезінде жарақат таппаған. Сотталғанның көз жұму себебі анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!