Қарағанды облысында 12 млн теңгенің мұнай өнімін жымқырғандар ұсталды
Қарағанды облысында құны 12 миллион теңгеге жуық мұнай өнімін қолды қылған ауыл тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
15:24 24.07.2023
Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне мұнай өнімдерін көтерме жеткізумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшылығы арызданды. Белгілі болғандай, аталған серіктестік жанар-жағармай сату станциясымен мұнай өнімдерін сатып алу келісімшартына қол қойған.
Бухгалтерлік есеп-қисап жүргізу барысында 11 миллион 893 мың теңге ақша жетіспейтіні анықталған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 пен 40 жас аралығындағы екі ауыл тұрғыны ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!