Мемлекеттік кеңесші Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысын өткізді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
20:42 25.07.2023
Жиында білім және денсаулық сақтау салаларына қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспардың орындалу барысы қарастырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолға алынған бұл жұмыс тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды бөлігі болып саналады.
Талқылау қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші құқық қорғау және бақылаушы органдардың ақпаратына сәйкес тиісті мемлекеттік органдар тарапынан атқарылған жұмысқа қарамастан, аталған салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды күшейту қажет екенін атап өтті.
Осыған байланысты мүдделі мемлекеттік органдар алдында Кешенді жоспарды өзектендіру жөнінде міндеттер белгіленді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!