{metadescription}
Екібастұзда жанармай құю бекеті өртенді

Екібастұзда жанармай құю бекеті өртенді

Павлодар облысы ТЖД ақпараты бойынша Екібастұздағы автогаз бекетіндегі өрт сөндірілді.

26 шілде сағат 13:24 Екібастұдағы Қонаев 5 к мекенжайындағы АГҚБ газ құйылған 4 резервуар жанды. Сонымен қатар оқиға орнында шамамен 40 газ баллон болған.

Өрт жақын маңдағы "Феруза"азық-түлік дүкеніне өтіп, шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр мен 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатыры өртенді. 

"Сағат 15:22-де цистернаның жанынан жас ер адамның денесі табылды. Басқа ақпарат анықталып жатыр. Өрт 15:00-де оқшаулауланып, 15:44-те сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында.

Жеке сектор жолдың арғы жағында 100 м-ден астам қашықтықта орналасқан. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілмеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.